6.08.2019, 11:10
Қараулар: 134
 » 
Тайлақ батыр қорымына қоршау орнатылды

Тайлақ батыр қорымына қоршау орнатылды

Бұлан ауылдық округінің Жамбыл ауылының іргесінде «Тайлақ батыр» қорымы орналасқан. 18 ғасырда тұрғызылған қорым қазіргі күнде ескіріп, қоршауды қажет етіп келген болатын. Аталған мәселе тұрғындар тарапынан да көтеріліп отыратын мәселелердің бірі. Ағымдағы жылдың  шілде айында Бұлан ауылдық әкімшілігінің ұйымдастыруымен батыр баба ұрпақтары жиналып, «асарлатып» Тайлақ батырдың қорымын қоршау жұмыстарын жүргізді.

Батыр қорымын қоршау жұмыстарына патриоттық үлкен сезіммен Орал, Ақсай қалаларынан, Подстепное, Жымпиты, Бұлан, Өленті, Талдыбұлақ, Тасқұдық, Аралтөбе ауылдарынан батыр ұрпақтары, Жамбыл ауылының тұрғындары өз еріктерімен жиналып,  қорым басында құран оқытып, ас беріп, Тайлақ батыр қорымының қоршалуына өз үлестерін қосты. Бұл да ұрпақтардың батыр алдындағы перзенттік борыштарының өтелгендігі болмақ.

 

Әсия Аманбаева,

 Бұлан ауылдық кітапханасының меңгерушісі