6.08.2019, 15:33
Қараулар: 126
АУДАНДА КӨПБАЛАЛЫ ЖАНҰЯЛАРҒА ЖІТІ КӨҢІЛ БАР

АУДАНДА КӨПБАЛАЛЫ ЖАНҰЯЛАРҒА ЖІТІ КӨҢІЛ БАР

Сырым ауданы бойынша 287 отбасы көпбалалы отбасы болса, соның ішінде 101 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуда. Қазіргі уақытта өз кәсібін ашу мақсатында 1 көпбалалы отбасы грант, 3 отбасы несие алып отыр.

  • Атаулы әлеуметтік көмек алатын 69 отбасы өз жағдайын жақсарту мақсатында 66 бас ірі қара, 106 бас ұсақ мал, 3 бас жылқы алды. Осы малдың бәрі далада құр жайылып жүрмеуі керек, сол жанұяға өнімімен пайда әкелуі тиіс. Отбасылар әлеуметтік көмекті табыс деп емес, жоғарыда айтқанымдай, жеке кәсіп, төл өндіріс үшін берілген мүмкіндік деп түсінсе жақсы болар еді. – дейді бұл туралы Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев.

Айта кетейік, биыл Сырым ауданының орталығы Жымпитыда 36 пәтерлі үшқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жаңа үйдің 18 пәтері аудан бойынша тұрғын үйге мұқтаждардың тізімінде тұрған көпбалалы жанұяларға берілмек.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ