6.08.2019, 15:37
Қараулар: 654
АУДАНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

АУДАНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

 

Кейінгі жылдары Сырым ауданының шаруалары құс шаруашылығына құлық танытуда.

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні Сарой, Бұлдырты, Жосалы, Жымпиты, Аралтөбе, Шолақаңқаты ауылдық округтерінің шаруашылықтары мен жеке азаматтары 2686 бас құс өсіруде. Соның ішінде, 4 шаруашылық «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасының мемлекеттік грантына құс шаруашылығы жобасымен қатысып, грант қаржысына 350 шақты құс балапанын сатып алған.

Айта кетейік, тауық, қаз секілді үй құстарынан бөлек Сырым ауданында бөдене өсіріп жатқандар да бар.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ