26.08.2019, 11:51
Қараулар: 388
Полиция басшысы есеп берді

Полиция басшысы есеп берді

Сырым аудандық полиция бөлімінің бастығы міндетін атқарушы, полиция полковнигі Бақытберген Қазмолдаұлы Утеев  2019 жылдың 7-ай қорытындысы бойынша аудандағы қоғамдық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті нығайтудағы атқарылған жұмыстары жайында баяндама жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыстар нәтижесін саралар болсақ, 2019 жылы 7 айда 84 қылмыс тіркелген (ал 2018 жылы – 83). Яғни, қылмыстың тіркелген саны 1 фактіге өскен. Атап айтқанда 2019 жылы 7 айға СДТБТ-ға 84 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 61-і аяқталып, (2018 жылы – 79) 15-і сотқа жолданса, 46-сы ақталмайтын негізде қысқартылып, 18 іс сотқа дейінгі жеңілдетілген тергеу бойынша, 14- хаттамалық түрде аяқталған екен.Ал, 14-і (2018 жылы – 18) өндірістен тоқтатылған.Жергілікті полиция қызметі бөлімшесімен қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыс пен құқық бұзушылықтың жолын кесу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданған болатын.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 12-ден 7-ге төмендесе, көшеде жасалған қылмыстар 6-дан 4-ке төмендеген. Ал, мас күйдегі жасалған қылмыстар 12-ден 9-ға өсіп отыр. Жиын аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметовтың төрағалығымен өтті.

                                                                  Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы