26.08.2019, 17:07
Қараулар: 380
Жас оқырмандар бенефисі

Жас оқырмандар бенефисі

Ұлт мәдениетінің ең құнды байлығы саналатын кітап оқуға оқырмандарды тарту, кітап оқу арқылы сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу мақсатында аудандық балалар кітапханасы «Оқырман чемпионаты–2019» бенефисін өткізді.

Шараны кітапханашы Айгүл Алғалиева жүргізді. Бенефис барысында кештің негізгі қонақтары, ең үздік оқырмандар Әсемгүл Төлепқали, Айару Жақсыгереева, Батырхан Әнуарбек, Берен Тауфик, Рауан Әнуарбек шақырылып, жаз бойы өздеріне рухани азық білім нәрімен сусындатқан кітаптарының мазмұндарымен бөлісті. Бенефис соңында кітапхана меңгерушісі Тыныштық Ғаббасова үздік оқырмандарды кітаптар, алғыс хаттар мен марапаттады.

 

 

                                               Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы