28.08.2019, 12:42
Қараулар: 357
Спорт алаңдарының құрылысы – депутаттар назарында

Спорт алаңдарының құрылысы – депутаттар назарында

Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, аудандық мәслихат депутаты Серік Тоқмамбетов, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі  Асан Жүсіпов, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Артур Искаков  Жосалы ауылдық округіне қарасты Қоңыр ауылындағы спорт алаңының құрылысымен танысты.

Құрылыстың ахуалымен А. Жұмағалиев атындағы мектептің директоры Әскербек Тәжіғалиев  таныстырды. Құрылыс мердігері — «Ай Темір Құрылыс»ЖШС. Жоба құны — 15,7 млн теңге.

Осындай алаң Талдыбұлақ ауылдық округінде де бой көтеруде. Жоба құны да, мердігері де ортақ. Аудандық мәслихат депутаттары мердігерге алаңның құрылысын сапалы орындауды тапсырды.

 

                                                                  Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Қоңыр ауылы