28.08.2019, 12:47
Қараулар: 111
«Өз ауламнан кәсіп бастадым»

«Өз ауламнан кәсіп бастадым»

Көп балалы отбасылар бүгінде мемлекеттік сан – салалы қолдауын қабылдауда             

Мысалы Аралтөбе ауылының тұрғыны, 4 баланың анасы Нұргүл Қадырова биылғы жылдың сәуір айында құжат тапсырып, қазір әлеуметтік көмекті алып отыр. Оның үстіне көп балалы ана жуырда «Жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы қайтарымсыз грантқа ие болды.

  • Отбасымда 4 балам бар. Жолдасым тұрақты жұмыста. Атаулы әлеуметтік көмек өз алдына,биыл «Жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін үйрететін курсқа қатысып, кейін қайтарымсыз гранттың иегері атандым. Сол қаражатқа құс сатып алып, өз ауламнан шағын кәсіп бастадым. Алдағы мақсатым – құстарымнан өнім алу, сол арқылы кәсібімді кеңейту.

Әрбір отбасы мемлекеттік көмектерді толық пайдаланып, жақсы – жарқын өмірге өздері ұмтылуы тиіс деп ойлаймын. – дейді Нұргүл Қадырова.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Аралтөбе ауылы