29.08.2019, 16:43
Қараулар: 348
Құрметті парыз және қасиетті міндет

Құрметті парыз және қасиетті міндет

Ата Заң күшіне енген уақыттан бастап қоғамымызда жаңа қатынастардың қалыптасуы мақсатында даму реформаларын үздіксіз жүргізіп келе жатқан Қазақстан Республикасы өзін демократиялық негіздегі, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік жағынан дамыған ел ретінде орнықтырып, ең басты құндылығы адам  өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары туралы қағидаларын жүзеге асырды.
Осы тұрғыда, аудандық мәслихат хатшысы – Шынар Дүйсенғалиева, Ата Заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті-дейді.


Сырым ауданының Әділет басқармасының басшысы Нұрлы Қайыржанова, Конституциямыздың мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сондай-ақ жеке өзіміз, отбасымыз бен балаларымыз үшін маңыздылығын әрқайсымыздың жете бағалауымыз керектігін айтты. Сондықтан әрбір азамат конституциялық құқықтарын біліп, сол заңдарды ұстануы тиіс. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы –деп есептейді.
Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін -деп тілек білдіреміз.

                                                        Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы