4.09.2019, 21:42
Қараулар: 80
Сырым ауданында тіл фестивалі

Сырым ауданында тіл фестивалі

Сырым ауданынының орталығы Жымпитыда «Тіл-татулықтың нышаны» атты жалпы халықтық тіл фестивалі өтті. «Қазақстан Республикасының Халқының тілдер күні мерекесімен» аудан тұрғындарымен құттықтау үшін және тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған байқаулардың жеңімпаздары марапатталды.


Кәсіпкерлер арасындағы көрнекі ақпараттар арасында «Үздік жарнама-жаршысы» номинациясы бойынша «Аққу» сауда дүкенінің кәсіпкер иесі Гүлфия Нигметова, «Үздік тауар жарнамалаушысы» номинациясы бойынша «Мәкка» сауда-саттық дүкенінің иесі Наурызғали Оспан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.


«Ең үздік іс жүргізуші қызметкері» номинациясы бойынша аудандық ветеринария бөлімінің іс жүргізуші Назым Төлегулова, «Ең үздік құжаттамашы» номинациясы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің іс жүргізушісі Зерхан Қыдыралина, «Ең үздік іс жүргізуші мекемесі» номинациясы бойынша аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесі марапатталды.Фестивалдің нүктесі аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының өнерін тамашалаумен қойылды.

                                               Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы