4.09.2019, 21:46
Қараулар: 317
Сырымдықтар Абай өлеңдерін оқыды

Сырымдықтар Абай өлеңдерін оқыды

Жымпитыда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты  көркем оқу байқауында аудан тұрғындары ақынның қара сөздері мен публицистикалық өлеңдерін оқудан сынға түсті.


Нәтижесінде, 1-орынды Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Зита Иманғалиева, 2-орынды Алғабас ауылының тұрғыны Жанат Хайрошева, 3-орынды Тамдылық Қызғалдақ Ихсанова диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Қатысушыларға ардагер ұстаз Гүлбақша Ерғалиева, Сырым аудандық мектеп-лицейінің директорының міндетін атқарушы Самал Батырова, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Тыныштық Ғаббасова қазылық етті.

                                                                           Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы