5.09.2019, 18:11
Қараулар: 74
Өрттен келер зиян көп

Өрттен келер зиян көп

«Азаматтық қорғау туралы» Заңға сәйкес дала өрттерін сөндіру міндеті ерікті өртке қарсы құралымдарды тарта отырып жергілікті атқарушы органдарға жүктелген (63 бап). Ағымдағы жылда дала өрттерін сөндіру кезінде 3 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алды.  Осыған байланысты, дала өрттері мен жануларын сөндіру кезіндегі қауіпсіздік шараларын нығайту мақсатында, бөлім бастығының бекіткен арнайы жоспарына сәйкес, аудан аумағындағы ерікті өртке қарсы құралымдарына табиғи өрттер мен жануларды сөндірудің алғашқы әдістеріне үйретуді теориялық түрде түсіндіру бойынша, сабақтар өткізілді.

Қазіргі таңда аудан бойынша 12 ауылдық округте дала өрттері мен жануларын сөндіру үшін 121 адамнан тұратын ерікті өртке қарсы құралымдары бар. Оқыту барысында, далалық жанулар кезіндегі қауіпсіздік шаралары, жауынгерлік дайындықты арттыру және дағдыларын пысықтау, жанулардың алдын алу жұмыстарын қалай жүргізу керектігі кеңінен талқыланды.

 

Сағдат Әнес,
аудандық ТЖБ 
бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты