5.09.2019, 18:14
Қараулар: 73
Шегіртке қарсы «майдан»

Шегіртке қарсы «майдан»

Сырым ауданы бойынша аса қауіпті зиянкестер түріне жататын – италиялық прус шегірткесі, азиялық шегірткесі, саршұнақтар, тышқан тектес кеміргіштер, зиянды бақашық кандаласы, астық қоңыздары, дәннің сұр көбелегі, гессен шыбыны, колорад қоңызы, қоңыр тат ауруының таралуына мониторингтік зерттеу жұмыстары көктемгі, көктемгі-жазғы, жазғы кезеңдерде барлығы – 584,4 мың.га ауыл шаруашылық жерлерінде жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде қоныстанған аумақ – 168,2 мың.га жерді құрады.

Сонымен қатар, зиянды организмдер тобына жататын– үйірсіз саяқ шегірткелері, шалғын көбелегі, бидай трипсі, астық сабақ егеушісі, астық жолақ бүргесі, майлы дақылдар зиянкестері, ауыл шаруашылық дақылдары аурулары және арамшөптерінің таралуына зерттеу жұмыстары барлығы – 53,3 мың.га жерде жүргізілді.

Зерттеулер нәтижесінде қоныстанған аумақ – 34,2 мың.га құрады. Аудан бойынша биылғы жылы үйірсіз саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеуге жатқызылған және өңделген аумақ мемлекеттік жер қорындағы жерлерде – 4,0 мың.га, шаруашылық құрылымдары жерлерінде – 2,0 мың.га, барлығы – 6,0 мың.га жерде жүргізілді.

Үйірсіз саяқ шегірткелеріне қарсы 2020 жылы  химиялық өңдеуге жатқызылған жоспарлы аумақ – мемлекеттік жер қорындағы жерлерде – 2,7 мың.га және шаруашылық құрылымдары жерлерінде – 1,8 мың.га, барлығы — 4,5 мың.га жерді құрайды.

Аудан бойынша италиялық прус шегірткесінің қоныстануына мониторингтік зерттеу жұмыстары 12 ауылдық округтерде барлығы — 451,5 мың.га жерде жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде шегіртке зиянкесі қоныстанған аумақ – 145,8 мың.га жерді құрады.

Аудан бойынша италиялық прус шегірткесі дернәсілдерінің қоныстануына көктемгі-жазғы кезеңдегі мониторингтік зерттеу жұмыстары – 200,0 мың.га жерде жүргізілді. Шегіртке дернәсілдерінің қоныстануы – 80,0 мың.га жерді құрады. Дернәсілдердің  1 шаршы метр жердегі тығыздығы  3,0-150,0 дана аралығында болды. Италиялық прус шегірткесі дернәсілдеріне қарсы химиялық өңдеуге жатқызылған және өңделген аумақ Бұлдырты, Жосалы, Сарой, Жымпиты Жетікөл, Алғабас ауылдық округтеріне тиесілі ауыл шаруашылық жерлерінде  –– 44,98 мың.га жерді құрады.

Сырым ауданы бойынша италиялық прус шегірткесінің қоныстануына шағылысуы және жұмыртқа салуы кезеңіндегі жазғы мониторингтік зерттеу жұмыстары барлығы — 250,0 мың.га ауыл шаруашылық жерлерде жүргізілді. Нәтижесінде италиялық прус шегірткесі зиянкестерінің  қоныстануы  — 64,8 мың. га жерде анықталды.

Сырым аудандық «РФДБӘО»РММ филиалының басшысы Марат Тоқтаров