5.09.2019, 18:20
Қараулар: 305
Химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді

Химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді

Жатаған у кекіресі ҚР барлық облыстарына таралаған. Бұл карантинді арамшөп біздің ауданымызда таралған.Жатаған у кекіренің бір өсімдігінде 300-ден бастап, 20000-ға дейін бір өсімді тұқым береді. Және оның тұқымы топырақта өзінің өнгіштік қасиетін 5 жылға дейін сақтайды. Тамыры жер асты суына дейін кетеді. Сосын бұл зиянкес өскен жерде басқа дақыл өспейді. Карантиндік арамшөптің алдың алу бағытында ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 18-бабында көрсетілгендей мемлекет меншігіндегі жер қорларындағы карантиндік арамшөптерімен күрес жұмыстары жыл сайын бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Биылғы жылы да Сырым ауданының «РФДжәнеБӘО» мамандары жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша Жосалы, Елтай, Алғабас, Шолақанқаты, Талдыбұлақ ауылдық округтерінде мемлекеттік жер қорында 328 гектар карантиндік арамшөп ошақтары анықталып, химиялық өңдеуге жатқызылды. «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорының облыстық филиалы «Смерч» сулы ертіндісімен химиялық улау  жұмыстары жүргізілді.

 

Айгерім Кеңесова,

                                                                  аудандық аумақтық

                                                           инспекциясының өсімдіктер карантині

                                             жөніндегі мемлекеттік инспекторы