6.09.2019, 13:07
Қараулар: 306
Сайлау алды жұмыстар

Сайлау алды жұмыстар

Сырым ауданы, Шолақаңқаты ауылдық округ әкіміне үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт жүргізу мақсатында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өтті. Аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиеваның төрағалығымен, сайлау комиссиясының төрағасы Өтеген Уашев, аудандық мәслихат депутаттары А.Дүйсенғалиев, Т.Дарғожиев, Ш.Шапешов, С.Тоқмамбетов, Р.Ихсанова, А.Ниязғалиева, Б.Тасқалиев, А.Жұмағалиев, С.Берсебаевтар қатысты.


Үміткерлер Асхат Бисенғалиев, Зәмзәгүл Ерғазиева, Ерлан Журалиевтер Президенттің Жолдауында белгіленген бағыттардың ауылдық жерлерде нақты жүзеге асуына ықпал жасау, еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге, көп балалы аналарға, тұрмысы төмен отбасыларына тиісті дәрежеде көңіл бөлу, қолдау жасау, ауыды жарықтандыру, ескірген электр желілерін жаңарту жұмыстарын үйлестіру сияқты сайлау алды бағдарламаларын ұсынды.

Тыңдаушы депутаттар өз ойларын ортаға салып, аталған бағдарламалар бойынша үміткерлерге сұрақтар қойды. Үміткерлермен кездесуді қорытындылаған мәслихат депутаттары  Қарасу мөлтек ауданындағы 3 қабатты үй құрылысының жай күйін біліп қайтты. Жұмысшылардың айтуынша, жұмыстың 30-35% -ы жасалған. Аудандық мәслихат хатшысы Шынар Сайлауқызы аудандағы бірде-бір құрылыс алаңы көзден таса қалмағандығын, қазіргі таңда 5 нысанның құрылыс жұмыстары назарда екенін айтты.

                                                        Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы