11.09.2019, 11:57
Қараулар: 342
Сырымдық әуесқой 400 банка жабады

Сырымдық әуесқой 400 банка жабады

 Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі. Себебі, ең басты байлық –денсаулық. Денсаулықтың кепілі – дұрыс тамақтану. Адам ағзасы қысқы және көктемгі мезгілдерде дәрумендерге зәру. Ал, бұл дәрумендер көкөніс пен жеміс-жидектер арқылы бойымызға сіңетіні анық.

Кез келген адам үй тұрмысында қажетті дәрумендерді өздерінің қолдарымен жасалатын тұздықтар, салаттар арқылы алуға мүмкіндіктері бар. Осы тұрғыда ауданымызда саусағынан бал тамған нәзік жандылар саны артып келеді. Солардың бірі кәсіпкерлік пен ас үй шаруасын дөңгелендіріп отырған кейіпкеріміз Гүлфия Нигметова. Кейіпкеріміздің айтуынша, үй жағдайында қажетті ингридиенттерді алып, қысқа дайындық жасау қалыпты жағдайға айналған. Ол жыл сайын 100-ге жуық әйнек құты (банка) маринадталған және тұздық тәрізді жасауларды дайындайды.

Ал, биылғы жылы 30-40 әйнек құты(банка) дайындаған болса, осындай тағы бір салаттардың әуесқойы Күләш Ғазизова жылына  300-400 әйнек құты(банка) көкөністерді тұздап, жемістерден компот жауып жүрген екен. Осы күндері сол әдетінен танбады. Ерекшелігі, ауласындағы жеміс ағаштарының бір дәнін жерге босқа түсірмей, дастарханына дәм қылып отыр. Табиғатты аялауды үрдіске айналдырған отбасының отағасы Яков ағамыз қол тиген гүлдің өзін жайнатады. Оған дәлел, Сырым ауданындағы мәдени-демалыс саябағындағы гүлдер.

 

 

Мұндай үйде дайындалған салаттардың табиғи құрамы сақталып, ағзаға үлкен пайдасы бар. Сондықтан, әр отбасында берекелі де пайдалы, құнарлы, дәруменге бай, қолжетімді рецептілермен бөліспекпіз:

Әлемге әйгiлi «сацебели» грузин соусын дайындау үшiн мынадай тағам түрлерi керек:

Қызанақ — 3кг

Тәттi бұрыштың қызыл түрi — 1кг

Ащы бұрыш 1-2 дана

Ақ желкен (петрушка) – 1 бума

Ас көк (укроп) — 1 бума

Кинза – 1 бума

Кориандр (ас қоспасы)–1 ш.қ

Сарымсақ –1 бас

Секер –1-2 а.қ.
Тұз –1 а.қ.

Жасалу жолы: Сарымсақпен кориандрдан басқа көкөнiстер мен жасылдарды ет тартқыштан өткiзiп, түбi қалың кастрюлге құйып, қайнағаннан кейiн, жай ғана отқа қойып, 45 минут қайнатамыз. Осы уақытта қоспа жақсы қоюлануы  керек. Болуға қалғанда, кориандр, сарымсақ, секер мен тұзын салып, тағы 5 минут қайнату керек.

Қайнап тұрған қоспаны стерильденген құрғақ банкаларға құйып, ауыздарын темiр қақпақтармен жауып, төңкерiп, жылы жаппамен орап, суығанын күтемiз. Суығаннан кейiн, қоймаға жақсылап жинап аламыз.

Кәді уылдырық дайындаудың қарапайым рецептi:

Құрамына кiретiн тағамдар:

Кәді-2кг

Болгар бұрышы-0,5

Пияз-3-4 дана

Сарымсақ – 2 тiсше

Томат пастасы- 2 а.қ.

Секер-1 а.қ.

Күнбағыс майы-1 стақан

Сірке суы 9%-2 а.қ

Қара бұрыш-1 ш.қ.
Тұз-1-2 а.қ.

Жасалу жолы: Барлық көкөнiстердi жуып, тазалап, турау керек. Сәбiз, кәді (кабачок) жане болгар бұрышын ет тартқыштан өткiзiп алу керек.

Ең бiрiншi, үлкен, түбi кең кастрюлге аз ғана май құйып, пиязды сарғайғанға дейiн қуырып алу керек те, әзiрлеп қойған қоспаны үстiне құйып, қайнағанға дейiн былғап тұрып, өсiмдiк майының қалғанын құйып 1 сағат қайнатамыз.

Тұз, бұрыш, секер, томат пастасын, уақталған сарымсақты салып, тағы да   15-20 минут қайнату керек.

Содан сон мiндеттi түрде сiрке суын құйып, араластырып, әзiр уылдырықты құрғақ, стерильдi банкаларға салып, аузын темiр қақпақтармен жауып, төңкерiп, бiр жылы нәрсемен орап, суығанға дейiн қою керек.

Осылай үйде әзiрлеген кәді уылдырық нан мен жеке тағам ретiнде де, және түрлi тағамдарға қосымша ретiнде де пайдалануға болады.

 

Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы