11.09.2019, 17:12
Қараулар: 33
«Жас ұрпақ біздің болашағымыз»

«Жас ұрпақ біздің болашағымыз»

Жолдау-2019

Еркін Мырза,
Бұлдырты жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі

«Жас ұрпақ біздің болашағымыз»

Мен 2 қыркүйек күні Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы жолдауын өз үйімде отбасыммен бірге тыңдадым. Жолдауда айтылған шешімдерге тоқталсам: мектеп ұстаздарының алдағы 4 жыл ішінде 2 есе өсуі, бұл ұстаздарды ынталандыруға, ұстаздық бәсеке тудыруға ықпал етеді ,ұстаз мектептің жүрегі. Президентіміз мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет деп қадап айтты. Бұл жерде жастарға басымдық бергені байқалады. Дарынды еңбекқор жас мемлекеттік қызметшілер жас мемлекетімізге керек екені белгілі. Тағы бір айта кететін жәйт мемлекеттік қызметшілердің санын келесі жылдан бастап біртіңдеп қысқарту бұл дегеніміз саннан сапаға жүгіну, қысқартылған үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы және сапалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсайтынын айтты. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезең бағыты: Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде. Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Біздің елімізде еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесі әлі күнге дейін әзірленген жоқ. Шын мәнінде, мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған. Отандық жүйені жасайтын уақыт келді. Жас ұрпақ біздің болашағымыз. Біздің президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауы барлық саланы қамтыды деген сенімдемін. Ендігі кезекте халық болып жұмылып мәңгілік еліміз үшін аянбай еңбек етуге дайынбыз.