11.09.2019, 17:18
Қараулар: 456
«Мәдениет саласы назардан тыс қалмады»

«Мәдениет саласы назардан тыс қалмады»

Жолдау-2019

Света ІЗҒАЛИЕВА,
Бұлдырты ауылдық мәдениет үйінің директоры:

«Мәдениет саласы назардан тыс қалмады»

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Жолдау кезінде Қасым – Жомарт Тоқаев: «Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр», — деді. Сондай – ақ, жолдаудың төртінші бөлімінде «Мәдениет қызметкерлерін қолдау жөнінде — Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Олардың еңбек ақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды.Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезіледі», Келесі жылдан бастап үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбек ақысын көбейтуге тиіс.– деп атап өтті. Біз Мәдениет сала қызметкерлері халыққа арнаған жолдауын аса қанағаттанарлық сезіммен тыңдадық. Алдағы уақыта Президенттің және Үкіметтің қолдауымен ел тұрғындарының әлеуметтік жағдайы түзеліп, тұрғын үй бағдарламасына және елімізде болып жатқан басқа да оң өзгерістерге ел тұрғындарының қатысу мүмкіндігі арта бермек. Мәдениет саласының қызметкерлері жолдауға қолдау білдіреді.