16.09.2019, 10:47
Қараулар: 164
Сырымдық жастар спартакиададан жүлделі оралды

Сырымдық жастар спартакиададан жүлделі оралды

Ақсай қаласы, Қарашығанақ спорт кешенінде облыстық, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, өнеркәсіп пен кәсіпорындардың жұмысшы жастарының арасында (жағажай волейболы, шағын футбол, қол күресі, қазақ күресі, жеңіл атлетика, үстел теннисі, эстафета, садақ ату, диск лақтыру)
V жұмысшы жастар спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев пен Батыс Қазақстан облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы Мейірбек Нұркен сөз сөйлеп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұл спартакиада да Теректі, Жаңақала, Сырым, Жәнібек, Бөкей орда, Ақсай, Бөрлі аудандарынан келген командалар бақ сынады. Аудан намысын қол күресінен Сайлан Сапарғалиев қорғап, 1-орынды иемденденсе, жеңіл атлетикадан ерлер арасында Нұрлыхан Бекежан 1-орын, әйелдер арасында «Жайық Пресс» медихолдингі Сырым аудандық филиалының тілшісі Айжан Амангелдина 3-орын алып жүлдегерлер қатарында. Қазақ күресінен Мирас Құлмұрзин 1-орын, үстел теннисінен әйелдер арасында Айкөркем Халидуллина 2-орын. Жағажай волейболынан  2-орын, садақ атудан ерлер арасында Мейірбек Қанатов-1 орын, диск лақтырудан 2-орын Айкөркем Халидулиина. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
Спартакиада спорттың 9 түрінен өтті.
Жалпы командалық есепте Сырым ауданының жастары 2-орынға табан тіреді.

                                                                           Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Ақсай қаласы