17.09.2019, 21:42
Қараулар: 251
Сырымда «Nur Otan» партиясының 7 серпіні

Сырымда «Nur Otan» партиясының 7 серпіні

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Төлеген Төреғалиевтің төрағалығымен «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам –  «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдаламасы ұсынылды.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, Сырым аудандық филиалында, аудандық мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары, жастар ұйымдары өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, партия белсенділерімен еркін кездесу өткізді.


Аудандық активтің күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің шешімдерін орындау және облыстық Саяси кеңесінің шешімдерінен туындайтын партиялық қайта жүктеудің негізгі бағыттарын жұмысымызға енгізу ұсынылды.

Кездесуден кейін, БҚО бойынша «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев Сырым аудандық Сырым колледжінің студенттік жатақханасында болып, студенттердің хәл ахуалымен танысты. Студент жастар өздеріне жаңа жатақхана керектігін баса айтты.

Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы