18.09.2019, 20:27
Қараулар: 250
Сырымда «Ашық әкімдік»

Сырымда «Ашық әкімдік»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» жарлығына сәйкес несиелерді өтеу бойынша Сырым ауданы әкімдігінің ашық есік күні өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Асхат Утекешов, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Дамир Кажиахметов, Сырым аудандық әділет басқармасының басшысы Нұрлы Қайыржанова, аудан әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Ахат бөлімінің бас маманы Анар Ишмұханова қатысты.


Шараның мақсаты – тұрғындар арасындағы туындаған көкейкесті мәселелердің шешімін жедел әрі тиімді жолмен шешу, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен транспаренттілігін қамтамасыз ету.
Биылғы «Ашық әкімдік» шарасына келушілердің ішінде жастарда,көп балалы аналар, егде жастағы адамдарда келді.


БҚО әкімдігінің бастамасымен өңірімізде дәстүрлі «Мейірімді көктем» атты  көп балалы отбасыларды және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған жобасын жүзеге асыру ұсынылған еді. Осы бағытта ауданымыз бойынша Бұлдырты ауылының тұрғыны, көп балалы ана Самал Ихсанова,  Президентіміздің үкіметке берілген тапсырамаларының бірі көп балалы отбасылардың неисесін кешіру болса, жанұясының осы тізімге ілініп, несиесінің бір бөлігі Үкімет тарапынан өтеліп, үлкен жеңілдік. Биылғы жылы қызы мектеп бітіріп облыс әкімінің грантына ие болып, оқуға түсу мүмкіндігіне ие болып қуантса, Үкіметіміз жұмыссыз және көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында ауыл тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек беріп, ауыл тұрғындары ол қаржыға мал сатып алып, басқа да шаруаларын түзеп, жағдайлары біршама жақсарып қалды. Мен де осы жанұялардың бірі болып атаулы әлеуметтік көмек алып отырмын – дейді.

 

               Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы