19.09.2019, 13:34
Қараулар: 144
Сырымда дәстүрлі ән сыныбы ашылды

Сырымда дәстүрлі ән сыныбы ашылды

Жерлесіміз, дәстүрлі әнші, термеші Бүкілодақтық Телевизиялық байқаулардың лауреаты Амангелді Ғұбайдуллин атындағы дәстүрлі ән сыныбының ашылуы өтті.

Салатанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов жақсының атын өлтірмеуге жиылған жұртышылықты, әншінің жары Балсекер Махметованы, бала-келіндеріне құттықтауын жеткізді.
«Көптен күткен ұлы тойға» өнер сүйер қауым жиылды.

Туа біткен дарын иелерінің бірі де бірегей азаматына арналған дәстүрлі ән сыныбының салтанатты ашылуының лента қию құрметі жары Балсекер апа мен Есберген Әжібаевқа бұйырды. Балалар саз мектебінің жас өнерпаздары да өз өнерлерін ортаға салды. Амангелді Ғұбайдуллин жайында айтылар естеліктер өте көп, соның бір бөлігін, жанында жүрген достары, шәкірттері сағынышпен еске алып, жұртылықпен бөлісті. Шара соңында жиналған қонақтар орталық алаңдағы Қадыр Мырза Әлінің ескерткішіне гүл қойып, естелік суретке түсті.
Ел ардақтыларын құрмет тұту, еңбектері мен ұлағатты істерін ұмытпау барша ұрпақтың алдындағы парызы.

                                                        Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы