2.10.2019, 16:39
Қараулар: 55
ЖАҢА ӘКІМДІ ТАНЫСТЫРДЫ

ЖАҢА ӘКІМДІ ТАНЫСТЫРДЫ

ЖАҢА ӘКІМДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі болып сайланған Ерлан Журалиевті округ активіне таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, таңдаушылардың түгел дауысын жинауына байланысты аудандық сайлау комиссиясы Ерлан Журалиевті тағайындауға ұсынылған болатын. Аудан әкімінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №157 өкімімен ол Шолақаңқаты ауылдық округі болып тағайындалды.

Аудан басшысы жаңа әкімге округтің әлеуметтік паспортын жасау, тұрғындардың жағдайын оңалту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сырым ауданының мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, округ активінің мүшелері әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.

oznor

 

«Сырым елі»