2.10.2019, 18:21
Қараулар: 214
Ұсынбалар айтылып, түйткілді мәселелер де қозғалды

Ұсынбалар айтылып, түйткілді мәселелер де қозғалды

Ұсынбалар айтылып, түйткілді мәселелер де қозғалды

 

Сырым аудандық ішкі саясат  бөлімінің  «Ашық есік» күні Аралтөбе ауылдық округінде өзіндік жалғасын тапты.  Жергілікті тұрғындармен кездесуге арналған жиынды ауыл әкімі  Әділхан Мұхитов кіріспе сөз сөйлеп ашқан соң, ауданнан келген  лауазымды тұлға иелері өз салалары  бойынша  ой-пікірлерін ортаға салды.  Мәселен, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев,  жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Нұртілеу Болат, «Сырым» деструктивтік  діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының басшысы Жасқанат Ерсайынов жастардың  арасындағы  мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлікті  дамыту, теріс діни ағымдарға  қарсы тосқауыл, жұмыссыз жастарды жұмысқа тарту сияқты  құнды мәселелер жөнінде тоқталды.

Кездесуде аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің  жауапты хатшысы Мүсірбек Айташев  90 жылдық тарихы бар газеттің бүгінгі хал-ахуалы жөнінде айтып, қолға алынып отырған тың жобалардың өзіндік  нәтижесін  беруінің  өзі  халықпен байланысты  орнықтырудағы  мықты байланыс екендігін тілге тиек етті.

Кездесуде Аралтөбе орта мектебінің директоры  Бекет Қабасов «Сырым елі» газеті  әрбір шаңырақтың төріндегі оқылымды басылымға айналатындығына сендіріп, газетте келешекте әр ауылдық округтерден ұстаздардың жетістіктерін насихаттап, бөлек-бөлек жариялап, ұлы тұлғалардың ғибратты сөздерін арнайы бұрыштамаға орайластырып беріп отырса  деген ұсынбасын айтты.

Ал, ардагер ұстаз, әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Искарина өмірдегі белең  алып отырған  теріс діни ағымдарға тосқауыл қою, отбасындағы  ұл, қыз тәрбиесі жөніндегі көпшілікке ой саларлық  мақалаларды газет қызметкерлері көтере білсе деген ұсынысын айтты.

«Сырым елі»