3.10.2019, 17:48
Қараулар: 150
ЖЫМПИТЫДА «ЖАС САРБАЗ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

ЖЫМПИТЫДА «ЖАС САРБАЗ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Аудан орталығы Жымпитыда Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте «Жас сарбаз» сыныбының ашылу салтанатты өтті.

Лента қию құрметі ардагер ұстаз, Ғилаж Молдашұлы мен ауған соғысының ардагері Мұрат Айдархановқа ұсынылды. Шарада аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, спорт ардагері, ардагер ұстаз Ғилаж Қаналиевтер сөз алып, жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп, жас сарбаздарды құттықтады. «Жас сарбаз» сыныбының жетекшісі, запастағы аға лейтенант Алмас Абдрахманов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Абат Дюсембиевке баянат жасады. «Жас сарбаз» мүшелері әскери ант қабылдады. 5 «Б» сынып оқушысы Әсем Аронова «Мереке» әнін әуелетіп, шараның көркін аша түскендей. Шара соңында жас сарбаздар ант қабылдап, оларға куәліктер табысталды.

Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы